Астанада «су перілері» жартылай жалаңаш фотосессия ұйымдастырды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Олар қауіпсіздік мақсатында жабық орын саналатын бөгетте суретке түсті

Фото: видеодан скриншот

Астанада «су перілері» Есіл жағасында, суды реттейтін бөгеттің жанында жартылай жалаңаш фотосессия ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрда қыз тасқа «су перісі» бейнесінде жатып, суретке түсуде. Ол беліне дейін шешініп, кеудесін ғана жапқан. Фотограф жағада тұрып, оны түсіріп жатыр.

Жартылай жалаңаш фотосессия «Рио-де-Жанейро» ТК ауданында орналасқан су реттегіш бөгеттің жанында ұйымдастырылды.

Ғимарат туристерді жинау үшін салынбаған, оның өзендегі су деңгейін реттейтін өзіндік функциялары бар.

Жақында Білім министрлігі ата-аналардан балаларының қауіпсіздігін еске түсіріп, хабарлама таратты.

«Әлеуметтік желіде ата-аналардың балаларымен бірге тыйым салынған орынға – Астана қаласындағы суды реттейтін бөгетке барғаны туралы видео тарады. Бұл орын қауіпсіздік мақсатында жабық. Алайда, кейбір ата-аналар бұл тыйымдарды елемейді, балаларына үлкен қауіп төндіреді. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға балаларға қауіп төнуі мүмкін жағдайлар мен орындардан аулақ болуды ұсынады», - делінген хабарламада.