Елордалықтар атақты су бөгетін көру үшін қамалды бұзып кіріп жатыр (ВИДЕО)

Аягөз Құрмаш

Олар нысанға балаларын ертіп барған

Елордалықтар атақты су бөгетін көру үшін қамалды бұзып кіріп жатыр (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Астанадағы су бөгетіне ағылған адамдар нысанның қоршауын бұзып, секіріп кіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осыған дейін Астана маңындағы су реттейтін бөгеттің әдемі көрінісі желіде желдей ескен еді. Су бөгетінің жан-жағы қоршалмағандықтан, адамдар емін-еркін нысанға барып, тамашалаған.

Алайда, құрылысы аяқталамаған нысанның  жан-жағы қоршалмаған, сондықтан, адамдар суға құлап кетуі мүмкін еді. Сол үшін әкімдік бөгетке баратын жолды жапты. Су реттейтін бөгеттің негізгі міндеті — жазғы және қысқы кезеңде қаланың орталық бөлігіндегі өзеннің су деңгейін реттеу. . Сондай-ақ, бөгет өзеннің тасқын суының есептік максималды шығынын 703 м3/с өткізуді қамтамасыз етеді.

Алайда, әкімдіктің қоршауы астаналықтарды тоқтата алмапты: елордалықтар кірпештен құйылған қабырғаны бұзып кіріп жатыр. Бейнежазбада көрініп тұрғандай, балаларын ертіп, қамалдан аттап мініп жатқан халықтың қарасы көп. Авторға пікір жазған адамдар астаналықтардың бұл әрекетін сынап жатыр.

«Ертең біреу қаза тапса, мемлекетті кінәлайды. Сурет үшін өміріне қауіп төндіру – әбестік. Балаларын не үшін апарады. Жауып тастаған нысанға неге барады, осы адамдарды түсіну қиын. Толық ашылғанша күтуге болады ғой. Бұлардың барлығына айыппұл салу керек», - деп жазған олар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.