$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2024, 10:15
Оқиғалар

Астана әкімдігі су баса беретін Момышұлы даңғылын 2,7 млрд теңгенің тендеріне жөндемек

Тиісті лот мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды

Астана әкімдігі су баса беретін Момышұлы даңғылын 2,7 млрд теңгенің тендеріне жөндемек
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мемлекеттік сатып алу порталында Астана қаласы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2 млрд 700 млн 905 мың теңгенің тендерін жариялады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бұл қаражатқа әкімдік жаңбыр жауса су астында қалатын Тәуелсіздік даңғылындағы Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі жердің нөсер жауғандағы кәріз коллекторын жөндеу жоспарланып отыр.

«Астана қаласының нөсерге қарсы канализация жүйесін дамыту. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі (2 участок) жердегі нөсер канализациясы коллекторын қайта құрастыру» мердігерлік жұмыстары», - деп жазған әкімдік тендеріне.

Айтып өткеніміздей, тендер құны - 2 721 905 920 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, Астананың біраз бөлігі жаңбыр жауса, су астында қалады.

Серіктес жаңалықтары