17.06.2024, 10:25
Оқиғалар
Антикор «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорын ұстады (ВИДЕО)
Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінді
Фото: видео скрин
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС-ның бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың ақпаратынша, ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына 15 млн теңге пара беруге итермеледі және алаяқтық жасауға оқталды деген күдікке ілінді.
Сондай-ақ оған көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру арқылы лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылды.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейлді.
Көп оқылған
01.09.2026, 10:36
Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды
01.09.2026, 09:33
Алматы облысында тіс емдейтін екі емхана жалған мәліметтер арқылы МӘМС-тен ондаған млн теңге ұрлаған
01.09.2026, 13:46
Жаймашуақ күз бола ма: қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады
01.09.2026, 12:06
Қазақстанда ауыл мектептерінде жасанды интеллект арқылы оқыту басталды
01.09.2026, 18:20
Косметикалық өнімдерге жасырылған: Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен ондаған кг есірткі жеткізілген
01.09.2026, 06:24
Алматы тұрғыны әскерге шақыру туралы жазбасы үшін жауапқа тартылды