Жер телімін заңсыз пайдаланған АШМ қызметкері ұсталды
Алматыдағы ветинспекция басшысы мүлікті заңсыз пайдаланған
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қоғамдық тамақтану нысаны үшін мемлекеттік орган ғимаратына іргелес жатқан жер учаскесін заңсыз берген.
Осыған байланысты прокуратура Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бұйрығымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін, кәсіпкерге кіріс әкелуде заңсыз жәрдем көрсетуді білдіретін теріс қылық жасағаны үшін («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңының 50-бабы 1-бөлігінің (5-тармақшасы) Аумақтық инспекция басшысы, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - деп хабарлады прокуратура.