Арман Шораев бірге тұратын әйелін ұрды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Бұған дейін Шораев жасанды интеллекттің құрбаны болғанын жазған 

Фото: видеоскриншот, Арман Шораев/Facebook

А.Ш есімді азамат бірге тұратын әйелін соққыға жыққаны үшін тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азамат А.Ш-ның үстінен бірге тұратын әйелдің денесіне жарақат салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайлар анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Астанада ер адамның әйелді көшеде шашынан сүйреп, ұрып жатқан видеосы тарады. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды. Ал Шораевтың өзі жасанды инттеллекттің құрбаны болғанын айтып, «осы өтірігің үшін жауап бересің - Козачков» деп жазды Facebook парақшасында.

Еске салайық, 16 маусымнан бастап әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң күшіне енді. Заңда ұрып-соққан және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.