Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға бүгін Семей қаласында болды

https://www.youtube.com/watch?v=dHykKh1Psgk

Абай облысында суға батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құтқарушы Әмір Жұматай «Кіші шұңқыр» су қоймасының бойында жабдықталмаған жерде шомылған 2003 жылы туған әйел адамды судан құтқарды», - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.