Зардап шеккен 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді
Елордада Сарыарқа ауданындағы жатақханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының өрт сөндірушілері Сарыарқа ауданының жатақханаға айналдырылған шатырлы үлгідегі екі қабатты үйдің жануын сөндірді.
Нақтыланған ақпарат бойынша мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жанған.
Зардап шеккен бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.