Таразда бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған ер адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, суицидтің алдын алды

Фото: t.me/qr_tjm

Таразда құтқарушылар суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласының көпқабатты үйлерінің бірінде ер адам бесінші қабаттың терезесінен секірмек болған.

Бесінші қабатқа тез көтеріліп, бірнеше секунд ішінде апаттық-құтқару құралдарының көмегімен есікті ашқан құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында орта жастағы ер адам құтқарылды.