20 жастағы қазақстандық шахматтан әлем чемпионы атанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста жастар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін», – делінген жеделхатта.