24 жылға сотталған Бишімбаевтың апелляциялық шағымы қанша уақыт қаралады

Azattyq Rýhy

Аталған шағым бойынша 26 маусым күні сот отырысы өтеді 

24 жылға сотталған Бишімбаевтың апелляциялық шағымы қанша уақыт қаралады
Фото: видеодан скриншот

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжілістің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдері Жоғары сот өкілінен «алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма?» деп сұрады.

«Иә, әрине. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Олар (сотталғандар - ред) келіспесе, әрине, шағымдануға құқылы», - деді сот алқасының төрағасы.

Рахметуллинаның айтуынша, апелляция бір ай ішінде қаралады.

«Апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда ұзаруы мүмкін. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті саналады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде ғана, басқа жағдайларда сотталушының қатысуы қажет екенін немесе қажет емес екенін апелляциялық орган өзі шешеді», - деді ол.

Айта кетерлігі, 2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.