Коронавирустан жазылған 93 жастағы әжейді дәрігерлер ду-қол шапалақпен шығарып салды (ВИДЕО)

Ол Нұр-Сұлтан қаласында емделді
 

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы аурухананың дәрігерлері Шапағат орталығынан келген 93 жастағы науқас пен басқа егде жастағы пациенттерді қол шапалақтап шығарып салды. Олар коронавирустан толықтай жазылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«7 сәуірде Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Аққайын ауылындағы «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығынан Нұр-Сұлтандағы көпсалалы ауруханаға 7 адам түсті.  Олардың ең үлкені - 93 жастағы әже. Тағы бір әже 87 жаста, қалғандары 60-70 жастағы науқастар. Олардың Covid-19 жұқтырғаны расталған»,- делінген хабарламада.

Негізгі диагноздан бөлек пациенттердің басқа да сырқаттары болды. 93 жастағы әжей  реанимация бөлімінде жатқан.

23 сәуірде 14 күндік емдеу курсынан кейін ПТР екі рет теріс нәтиже көрсеткен соң, пациенттер шығарылды және үйде тағы 14 күн оқшауланады.

Айта кету керек, бүгінгі күнге дейін қазақстандық дәрігерлер 604 адамды коронавирусты емдеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.