13 адам эвакуацияланды
Қарағандыда қонақ үйдің бірі өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ хабарлауынша, Қазыбек би ауданында қонақ үйдің бірінде қаптама қабырғалары және кондиционер жанып кетті.
«13 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.