Ер адамдарға ғана жұғатын вирус тарады ма - Оңтүстік Африкада екі адам көз жұмды
Диагноз қойылған ер адамдардың бәрі 30 бен 39 жас аралығында болған
Оңтүстік Африкада екі адам бір тәуліктің ішінде Mpox вирусынан (маймыл шешегінен) қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC - ге сілтеме жасап.
«37 және 38 жастағы екі ер адамның денесіне жасалған сарапатама қорытындысы олардың Mpox вирусынан көз жұмағанын дәлелдеді» деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Джо Фаахла.
Оның айтуынша, биыл елде Mpox вирусын жұқтырудың 6 жағдайы тіркелген.
«Диагноз қойылған ер адамдардың бәрі 30 бен 39 жас аралығында болған, олар басқа елдерге саяхаттап бармаған, сондықтан вирусты жергілікті жерден жұқтырып алған деуге негіз бар», - деді Джо Фаахла.
Mpox вирустық инфекциясының бастапқы белгілерне дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, ісіну, арқа ауруы, бұлшықет ауруы, бөртпенің пайда болуы жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 2022 жылы mpox вирусының өршуіне байланысты денсаулық саласында төтенше жағдай жариялаған. Вирус былтыр тоқтады, бірақ әлі де кейбір елдерде тіркеліп тұрады. Джо Фаахланың сөзінше, 2022 жылдан бастап вирус 100-ден астам елде тіркелген.
ДДҰ мәліметтері бойынша, маймыл шешегімен ең алғаш рет 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасының тұрғыны ауырды.