Маңғыстау облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Елде індеттен 25 адам қайтыс болды

Маңғыстау облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Маңғыстау облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1980 жылы дүниеге келген. Қазақстанда коронавирус індетінен 25 адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Осы сағатта елде жалпы 2376 науқас тіркелді.

«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 438 адам, Алматы қаласында – 787 адам, Қарағанды облысында - 108 адам, Ақмола облысында - 88 адам, Атырау облысында - 84 адам, Жамбыл облысында - 101 адам, Шымкент қаласында - 139 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 72 адам, Ақтөбе облысында - 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 66 адам, Маңғыстау облысында - 20 адам, Қызылорда облысында - 161 адам, Батыс Қазақстан облысында - 93 адам, Түркістан облысында - 81 адам, Қостанай облысында - 38 адам, жалпы 2376 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.