Жамбыл облысында өртеніп жатқан нысаннан үш газ баллоны шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі анықталуда

Бейнеден кадр

Жамбыл облысында өртеніп жатқан нысаннан үш газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт бүгін түнде Тараз қаласының жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында жиһаз цехына айналдырылған қорадан шыққан.

Өрттен құтқарушылар 3 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.

«ТЖМ күштерімен шақырту түскен сәттен бастап 29 минут ішінде 20 шаршы метр алаңда өрт жойылды. Өрттің себебі анықталуда», - делінген хабарламада.