Ол қамауға алынған
Отандық танымал әнші Ернар Айдар карантинге қарамастан, бірнеше адам болып жиналып, әлеуметтік желінің тікелей эфирінде лотерея ойнатқан, деп жазады Polisia.kz.
Әнші мен оның серіктерін экономикалық тергеу қызметінің мамандары ұстаған. Тергеуді де солар жүргізеді. Ал ішкі істер органдары, яғни полицейлер әншіні карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақшы.
«Ұстауды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі өндіріс осы бөлімшеде. Полиция өзінің юрисдикциясына сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», – деді Алматы қаласы Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.
Айта кетейік, карантин режимін бұзған адам 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.