Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді
Ұлытау облысы Қаражал қаласы прокуратурасы заңсыз сатылған қызметтік автокөлікті мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Талдау бойынша Қаражал қаласы әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнымен жеке тұлғаға «LADA- 21214-187» қызметтік автокөлігін сату дерегі анықталды. Аталған дерек бойынша Қаражал қаласы әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы кәсіпорнының жауапты қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», - делінген прокуратура ақпаратында.
Қызметтік автокөлік мемлекетке қайтарылды.