Шағын автобус аударылып кетті
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында жол-көлік апаты тіркеліп, 4 адам опат болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы полициясының мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған.
«Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әр түрлі дене жарақаттымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ПД.
Видео: Facebook / Бауыржан Әленов