Олар дін аман
Каспий теңізінде екі адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осы түні 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға теңізге барған. Ағынмен жастарды теңізге алып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты», - делінген ақпаратта.
Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.