$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2024, 10:20
Оқиғалар

«Күйеуі мен енесі ұрған»: Германияда қазақстандық экс-судья жоғалып кетті

Қазір ол іздестіріліп жатыр

«Күйеуі мен енесі ұрған»: Германияда қазақстандық экс-судья жоғалып кетті
Фото: www.instagram.com/podslushano.de/

Германияда қазақстандық экс-судья жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаева 1984 жылы туған. Болжам бойынша, 4 маусым күні Бенсхайм қаласында үйінен шығып кеткен. Күні бүгінге дейін ол туралы еш хабар жоқ. Қайда орналасқаны белгісіз. Телефоны сөндірулі», - деп хабарлады podslushano.de.

Соңғы рет 3 маусым күні Берлин уақытымен 10:35-те ол байланысқа шыққан.

«Біздің болжам бойынша, Айгүл күйеуі Александр Донцов пен енесінің тарапынан физикалық қысым көрген болы мүмкін. Күйеуі мен енесінің қол көтеретіні туралы ол құрбыларына бірнеше рет айтып, шағымданған. Оның 3 жасар Жаклин есімді қызы бар. Айгүл қызын ешқандай қиындыққа қарамастан, тастамас еді!» - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда Айгүл Сайлыбаеваның жақындары Қазақстанның Германиядағы консулдығынан көмек сұрады. Елге ұшып келуі үшін виза мәселелерімен айналысып жатыр. Неміс полициясы «адам жоғалу» фактісі бойынша тергеу амалдарын бастады.

Айгүл Сайлыбаева – Астана қаласы Сарыарқа ауданының бұрынғы судьясы, «Болашақ» түлегі. Ол күйеуі Александр Донцовпен бірге 2019 жылы елден кеткен. Өзінен біраз жас кіші, бірнеше шет ел азаматтығы бар күйеуімен әлемнің біраз елінде тұрып келген. Ресей, Американы айналып, соңғы кезде Германияның Бенсхайм шаһарына тұрақтаған.

Серіктес жаңалықтары