10.06.2024, 09:15
Оқиғалар
Адам ұрлау, мүлкін тартып алу: Қызылордада ірі қылмыстық топ ұсталды
Олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге қатысы тексеріліп жатыр
Қызылордада қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан. Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде.
«Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)
07.09.2026, 16:45
Алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады – «Қазгидромет»