Апат салдарынан екі адам зардап шекті
Алматы-Екатеринбург тас жолында жеңіл көлік газельмен соқтығысты. Екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 924-шақырымында жеңіл автокөліктің газельмен соқтығысуы орын алды.
Жол апаты орнында зардап шеккен екі адамға Қарағанды облысы ҚР ТЖМ АМО Ақсу-Аюлы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы шұғыл медициналық көмек көрсетті.