Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды
Алматы облысында жол апаты салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы-Өскемен тас жолының 55-шақырымында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты. Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды.
«Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмелетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.