ТЖД қызметкерлері жігіттің суға батып бара жатқан әкесін құтқарып үлгерді
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде «Шора» каналында 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кеткен. Қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде болды.
ТЖД қызметкерлері жігіттің суға батып бара жатқан әкесін құтқарып үлгерді.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырып, бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын ескертеді.