Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген
Маңғыстау облысында автокөлік бетон бағанаға соғылып, 2 жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау обылстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департаменттің мәліметінше, оқиға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында таңғы сағат 05:40 шамасында болған.
Апаттан Ақшұқыр мектеп лицейінің 9-сыныбында оқитын екі оқушысы қайтыс болды.
Тағы бір оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген. Олар да 8-9-сыныпта оқитын жасөспірімдер.
«Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу талабына сай, өзге мәлімет жария етілмейді», - делінген хабарламада.
Айта кететін жайт, жол көлік апатынан бетон бағанасы құлап, электр желісі үзілген. Соның салдарыран Ақшұқыр елдімекенінде 43 тұрғын үй электр жарығынсыз қалған. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.