Петропавлда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: istockphoto.com

Петропавлда төрт жасар ер бала 5-қабаттан құлап кеткен. Қазір ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qyzyljarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға маусымның 7-сі күні түс кезінде Петропавлдағы Береке ықшам ауданында болған. Қазір төрт жасар баланың өмірі үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері күресіп жатыр.

«Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Қазір өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.