Сәбиге зақым келмеген
АҚШ-та кішкентай қызды жираф тістеп алып кете жаздаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Техас шататындағы «Fossil Rim Wildlife Center» саябағында отбасы үсті ашық көлікпен хайуандарды қызықтап жүрген. Бір кезде екі жасар қыздың анасы сәбидің қолына жаңғақ беріп, жирафты азықтандыруға рұхсат беріп, видеоға түсіреді. Жануар азықты жеп алып, тағы да ұмтылып, сәбиді жейдесінен тістеп алып кетпек болады. Бірақ анасының айғайынан кейін, баланы қайта көлікке тастай салады.
Әкесінің айтуынша, қыздың қолында кішкентай сөмкесі болған, жануар соны азық деп ойлап, алғысы келген.
Бүлдіршін ешқандай жарақат алмаған. Ана-анасы жирафтың әрекетін абайсызда болған дейді.