Батыс Қазақстанда 3500 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның кадастрлық құны – 45 млн тг

Фото: istockphoto.com

Батыс Қазақстанда пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтарды анықтады.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 га астам жер телімі мемлекетке қайтарылды. Оның жалпы кадастрлық құны 45 млн теңгеден астам соманы құрады», - делінген ақпаратта.

Осы орайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық тауар өндірішулеріне жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажеттігін ескертеді.