«Езіп өтіп кет»: полиция Алматыда 16 жастағы заң бұзушыларды анықтады

Azattyq Rýhy

Әкімшілік іс қозғалды

«Езіп өтіп кет»: полиция Алматыда 16 жастағы заң бұзушыларды анықтады
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің рөлге отырып, жоғары жылдамдықпен оңды-солды қала көшелерін аралағаны жазылған видео тарады. Олар Mercedes-Benz көлігін жүргізіп, қауіпті маневрлер жасады. «Езіп өтіп кет» деген сияқты дөрекі, былапыт сөздерді айтты.

Көп ұзамай полиция бұл видеодағы заң бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жасөспірімдер 16 жаста, олардың ата-аналары да жауапқа тартылды.

«Көлік құралын басқару фактісі бойынша оны басқаруға құқығы жоқ жасөспірімдерге қатысты жергілікті полиция қызметкерлері шаралар қабылдады: ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды («құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы»). Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Алматы полициясы азаматтарға жол ережесін мүлтіксіз сақтау қажеттігін тағы да еске салады.

«Ата-аналардың балаларының бос уақытын бақылауы және олардың қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуі өте маңызды», - деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.