Zheka Fatbelly-ге төтенше жағдайды бұзғаны үшін айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Вайнер елден кешірім сұрады
 

Алматыда вайнерге төтенше жағдайды бұзғаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы полициясы төтенше және карантиндік режимдерді сақтау аясында құқық бұзушыларды анықтау мақсатында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілгенін еске салды.

«Тәжірибе көрсеткендей, кейбір вайнерлер, блогерлер және желінің белсенді қолданушылары карантинді бұзушылар қатарында. Сонымен қатар, олар мұны көпшілік алдында көрсету үшін жасайды. Осылайша, олар заңдар мен қауіпсіздік шараларына құрметпен қарамайтынын көрсетеді. Егер олардың әрқайсысының үлкен аудиториясы бар екенін ескеретін болсақ, «жаман мысал» жұқпалы болып кету қаупін туғызады», – дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Карантинді бұзушылардың бірі – Ж.Омаров есімді азамат, «Zheka_Fatbelly» лақап атымен танымал. Ол ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Құрметті қазақстандықтар! Мен, 2020 жылдың 20 сәуірінде төтенше жағдай, карантин режимін бұздым. Менің досым келді, мен оны үйге кіргіздім, ол менің шашымды жасады, және мен оны бейнеге түсіріп, ғаламторға салып жібердім. Өзімнің іс-әрекеттеріммен, мен ешқандай жағдайда құқық бұзушылық туралы айтқым келмеді. Мен өз кінәмді мойындап, карантин режимін сақтауыңызды сұраймын», – деді Ж.Омаров мырза.