Қария шатырға өздігінен мінген
Павлодарда 84 жастағы зейнеткер шатырға өздігінен шығып, алайда қайта түсе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиға туралы ТЖ департаментінде хабарлады.
6 маусым күні «101» қызметінің кезекшісіне қарт кісінің жеке үйдің шатырында қалып қойғаны туралы хабарлама түскен.
«Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкері мен көршілердің қатысуымен баспалдақ қойып, арнайы құралдар арқылы ер адамды жерге түсірді», - деп мәлімдеді ТЖ департаментінде.