Имамдарға желіні қолдануға тыйым салына ма - вице-министр жауап берді

Автор: Темірхан Айжан

Бұған дейін Өзбекстанда молдаларға желіде сөйлеуге тыйым салынғаны хабарланған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Имамдарға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салына ма?» деген сұраққа жауап берді.

Оның сөзінше, молдаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу мәселесі қаралып жатқан жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлеуметтік желі де халықпен тілдесудің бір құралы. Біз әзірге басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, көрші Өзбекстан мемлекетінің Мұсылмандар діни басқармасы имамдар мен олардың орынбасарларына әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып және жазбаларға «лайк» қоюға тыйым салған еді.