Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда
5 маусымда екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылы туған бала Каспий теңізінде суға батып кетті. Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. Себебі - судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтауда.
ҚР ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.