Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен
Бүгін, яғни 4 маусым сағат 16:20 шамасында Меркі ауданындағы Сарғобы орманшылығында шөптің жануы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспсөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына орман шаруашылығынан 7 трактор 3 автокөлік 22 адам және ТЖБ бөлімдерінен 84 адам 9 техника шықты.
Жел оңтүстік бағыттан соғуда, жылдамдығы 10-12 м/с. Ауа температурасы +30.
Орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.
Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен.
Қазіргі уақытта бұл ауданда 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған.