05.06.2024, 10:40
Оқиғалар
Сиырға соғысқан: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Салдарынан бір адам қаза тапты
Фото: Қызылорда облыстық ПД
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. Toyota Alphard автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан.
«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады облыстық ПД.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды