Желіде мұнарадан «секіргелі тұрған» полиция қызметкерінің видеосы тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматыда полиция киімін киген ер адамның өзін-өзі өлтіру әрекеті түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам электр беру желісінің мұнарасына шығып алған.

«Полиция қызметкері мұнарадан секіргелі тұр», – делінген видеода.

Редакция Алматы қаласының ПД баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.

Видео: instagram.com/dorogi_almaty_official/