Олардың жолда жүргеніне жарты жыл болған
Италиялық велосипедшілер Ақтауды кесіп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейнежазба желідегі Aqtaulive парақшасында жарияланған.
Жолаушыларды ақтаулықтар бауырсақпен, шалаппен қарсы алды. Шетелдіктердің бірі ер адам, екіншісі әйел. Олардың жолда келе жатқанына 180 күн толған.
Италиялық жігіт «Ассалаумағалейкум, қалай, амансыз ба?» деп қазақша амандасады.
Желі қолданушылары әртүрлі пікір қалдырып жатыр.