Өңірдің ТЖД қызметкерлері теңізге кеткен 19 жастағы жігітті құтқарып қалды
Бүгін, яғни 3 маусым күні шамамен сағат 16:00-де SUP-тақталарымен теңізге серуендеуге шыққан 2005 жылы туған екі жергілікті тұрғынды теңіз ағыны алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Жігіттердің бірі өздігінен жағаға шыға алды. Екіншісін ағын теңіздің терең тұсына қарай алып кетті. ТЖД қызметкерлері жағалауды патрульдеу кезінде жігітті құтқарды. Оны дереу жағаға жеткізді. Құтқарылған жігітке медициналық көмек қажет болмады», - деп хабарлады аймақтың ТЖД.
Құтқарушылар тұрғындарға желдің екпіні 9-10 м/с болған кезде, әсіресе жел кері соққанда, үрлемелі жүзу құралдарымен және катамарандармен теңізге шықпауға кеңес береді.