Ол тыйым салынған заттарды тергеу изоляторына өткізбек болған
Павлодар облысының тұрғыны ұялы телефон мен зарядтағыш құралды резеңке тәпішке табанына салып, қамауда отырған адамға өткізіп жіберуге тырысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елордалық Тергеу изоляторы қызметкерлері бұл фактіні анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес тәпішке берушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«Елордалық ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды, оның ішінде ұялы телефондарды жеткізудің кезекті фактісі жойылды», - деді Астана қаласы ҚАЖД басшысы Дәулет Рахымбеков.