Ғимараттың шатыры жанып кетті
Оралда 700 шаршы метр сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатыры жанды, өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалпы ауданы 700 ш.м. сауда үй-жайлары мен ғимараттың шатыры жанды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
Өңірдегі ТЖД жеке құрамынан 57 адам және 26 бірлік техника жұмылдырылды.