Қызылордадағы атыс: 32 жастағы ер адам ауыр жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Істі облыстық полиция басшысы бақылауға алды

Фото: pixabay.com

Қызылордада атыс болды. Салдарынан 32 жастағы ер адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызылорданың Шанхай ауданында болған жанжалдан кейін 32 жастағы ер адам ауруханаға жедел жеткізілді. Ол оқ жарақатын алды.

Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

«Тергеу амалдары басталды. Істің барлық қатысушысының жеке басы анықталды, күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді», - деп хабарлады Қызылорда облысы ПД.

Істі өңірдің бас полицейі бақылауға алды.