Оқиға соңғы қоңырау күні кешке болған
25 мамырда Алматыда кәмелетке толмаған екі оқушы қыз жасөспірім жігітті сабап, оның видеосын желіге жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға болғаннан кейін Алматы полициясы олардың үстінен іс қозғалғанын хабарлаған.
Ал бүгін жасөспірім баланы соққыға жыққандар кешірім сұрап, жатқан видео әлеуметтік желіде тарады.
«Марат, саған қатысты жасалған әрекетіміз үшін сенен және отбасыңнан шын жүректен кешірім сұраймыз. Бізді кешіресіңдер деп үміттенеміз»,- дейді ұрып-соққан 3 жасөспірім.