Маңғыстау облысында ақтаулық тұрғын коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде 19 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды. Ол 24 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бүгінде  науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған», делінген хабарламада.  

23 сәуір күнгі жағдай бойынша өңірде 19 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.