ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Қарғалы өзенінде 2004 жылы туған жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, марқұм Ақтөбе қаласы, Қарғалы өзені Солнышко бау-бақша ұжымы аумағында суға түсуге рұқсат етілмеген аймақта суға түскен.
Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 м қашықтықта, 2,5 м тереңдіктен аталған азаматтың денесін шығарды.
ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.