Бозбала тыйым салынған жерде шомылған
2007 жылы туған бозбаланың денесі Түркістан облысы Төлеби ауданы Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өлімнің себебі – тыйым салынған жерде шомылу.
ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді!