ТЖМ бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын тағы ескертті
Қарағанды облысы Теміртау қаласының құтқарушылары Самарқанд су қоймасы қалалық жағажайының су айдынында жағадан қараған кезде суға батып бара жатқан ер адамды байқап, дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар тез арада қайықпен жүзіп, ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек көрсетілді.
ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.
Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.