Тыйым салынған кәсіпкерліктен 358 млн теңге табыс тапқан күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алып–сатуды жүзеге асырған

Фото: istockphoto.com

Тыйым салынған кәсіпкерлікпен айналысып 358 млн теңге табыс тапқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті 2020-2022 жылдар аралығында Қостанай облысының Тобыл қаласында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырып, тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Ол веб-сайт арқылы қамтамасыз етілмеген Bitcoin цифрлық активін ұлттық валютаға теңгемен сатып алып-сатуды жүзеге асырған. Осы арқылы 358 млн теңге сомасында, яғни аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды және екі жыл мерзімге цифрлық активтердің, цифрлық майнингтің шығарылуы мен айналымына байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.