Ақпаратты Антикор растады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан медициналық университетінің басшысы ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың мәліметінше, Басқарма төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті КЕАҚ Басқарма төрағасы ұсталғанын растайды», - деп хабарлады ведомство.
ЖОО ректоры Әсет Қалиев әр жылдары Ақтөбе және Жамбыл облыстарының денсаулық сақтау басқармаларын басқарған.