30.05.2024, 12:16
Оқиғалар
«Өздері кінәлі» - министрлік жылқысы қырылған шаруаларға өтемақы берілмейтінін айтты
Ұлытау облысында 1574 бас жылқы өлексесі жойылған
Фото: АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлытау мен Қарағанды облысында мыңдаған жылқының қырылғанын «жұт» деп санамайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ұлытау өңірінде 1574 бас жылқы өлексесі жойылғанын айтты.
«Егер біздің 3.8 млн жылқы басына есептесек, қырылған малдың үлесі 1% - да болмайды. Әр шаруа қожалығы ұстап отырған малына дұрыстап қарау керек, уақытында дәрі егу керек. Сондықтан өздері кінәлі. Бұны жұт деп айтуға келмейді. Жұт таңдап келмейді, жұтта жылқы ғана емес, ұсақ мал да, ірі қара да қырылады», - деді ол.
Аманғали Бердалин қырылған жылқылардың иелеріне өтемақы төленбейтінін атап өтті.
Көп оқылған
09.07.2026, 10:56
Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)
09.07.2026, 12:59
Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған